Алматы облысында оқушылар төбелесіп 15 жасар бала қаза тапты

Жұма, 18 Желтоқсан , 2015 9:00

Алматы облысында 9-шы сынып оқушысы төбелес кезінде қаза тапты. Талғарлық Шахзат Махаметовті жоғары сынып оқушылары ұрып өлтірген.

бала қайтыс болды

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Сабақтан шыққан оқушылар Шахзатты қалың қамыстың арасына ертіп әкеліпті. Мәселе сөзбен шешілмеген болуы керек, ол осы арадан тірі қайтпай қалған. Шахзат Махаметов №2 мектепке биыл ғана ауысып келген екен. Осыған дейін өзге балалармен арада қандай да бір кикілжің болмаған көрінеді. Оқуда да үлгерімі жақсы болыпты. Алайда 15 жасар баланың қазасы бүкіл қаланы дүрліктірді. Шахзатты 12 оқушы өз тәртібіне көндірмек болып, жабылып ұрған дейді қара жамылған ата-ана. Жергілікті билік өкілдері болса, өзгеше мәлімет таратып әлек. Айтуларынша, өзара келісе алмаған екі бала ақыры төбелесіп, арты қайғылы жағдаймен аяқталған.
« «Смотрящий» деген түрменің заңы. Сұмдық қой. Бір балаға 12 бала жабылды деген сұмдық қой ол. Біреу ұрды деп ешқашан арыз айтпаған бала еді»,-дейді Махаметовтың туған ағасы Нұрлан Сабыров

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар