Алматы облысында науқас дәріханадағы екпесінен кейін қайтыс болды

 Алматы облысының тұрғыны дәріханада қайтыс болды. Марқұм жергілікті дәрі сату орындарының біріне тамыры арқылы екпе салдыруға барған,-деп жазды КТК арнасы.

Алайда препаратты қабылдап жатқан жерінде жүрегі тоқтап қалған. Екпе кезінде көз жұмған колледж мұғалімі осы оқиғаның алдында ғана ауруханада жатып емделген екен.

Десек те науқасты дертінен құлан-таза сауықтырғанбыз деп ант-су ішкен ақ халаттылар болған жайтқа дәріханаға ем іздеп барған әйелдің өзі кінәлі деп отыр.

Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған. 52 жастағы колледж мұғалімі дәріханада екпе салдыртып жатқан жерінде көз жұмған.

«Барғанда жүректің соғысы тоқтап қалған. Дефибриллятормен симуляция жасаған, дефибрилляторсыз ЭКГ деген бар, сонымен ЭКГ түсірген»,-дейді Панфилов аудандық ауруханасы бас дәрігер орынбасары Мәрзия Бөкембаева.

Белгілі болғандай, марқұмға Гордокс атты дәрі егілген екен. Аллергиялық әсері бар болғандықтан ол препарат тек дәрігердің бақылауымен ғана берілетін болса керек. Онысы қорапшасында да қатаң ескертіліп жазылған.

Марқұм осыдан күні бұрын ғана ауруханадан емделіп шыққан екен. Десе де, дәрігерлер науқасты құлан-таза сауықтырғанбыз деп ант-су ішкен. Алайда, солай бола тұра, өздері жасайтын емдерінің әрі қарай дәріханаларда жалғасып жататынын байқамай айтып қалды.

Дәрігерде болған. Біз бүгін құжатын көрдік. Емін алған, бюллетенін жапқызған. Сонымен әрі қарай енді кез-келген адам індетіне байланысты жалғастырады ғой емін.

Сонда ол кісі күндіз емес, түнде барып қалай алғанын біз өзіміз таңқалып жатырмыз»,-дейді Панфилов аудандық ауруханасы бас дәрігер орынбасары Мұрат Мұхаметжанов.

Ал колледж мұғалімі ем іздеп келген дәріхана осы. Оң жағы дүкен боса, ал сол жағы кәуапхана. Ал осы оқиғадан кейін  дәріханашыларға жаппай ескерту жасалған екен.

Бірақ оған бағынайын деген дәріхана жоқ. Қайта клиент шақырып, дәріхананың ішінен ем-шара кабинетін ашқан. Қожайындарының бұлайша сес көрсетуі бекер емес екен.

Өйткені, науқастардың өздері дәрігерлерден гөрі, дәріханашыларды жақсы көріп тұр.  Ал екпеден қайтыс болған колледж мұғалімінің артында күйеуі мен бала-шағасы қалған.

Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары басталып та кетті. Десек те, аузына қара құлып салынған дәріхана жақын күндері ашылып қалуы мүмкін. Өйткені, марқұмның туыстары оған шағымданып, сотқа жүгінуден бас тартты.

Оқи отырыңыз:

Мұрат Қожа: Журналистер, жұмыстарыңызға пайдасы болғанымен жеке бастарыңызға зияны тиіп кетпесін, абайлаңыздар

Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесін сотқа берді

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Ер адамның жыныс мүшесімен ойнаған Айжан Байзақова елдің ашуын келтірді (видео) 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар