Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектеп директоры 20 мың теңге пара алғаны үшін сотталды

Алматы облысы Іле ауданында Боралдай кентінің №17 орта мектебінің бұрынғы директоры М. Шакароваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

3_220

Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес М. Шакарованы 20 000 теңге пара алғаны үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі департаментінің қызметкерлері ұстады.

М. Шакарова параны қызметтік міндетін өрескел бұзған мектеп оқытушысын жұмыстан шығармау үшін алған.

Сот үкімімен М. Шакарова ҚК 366-бабы 1-бөлігі (пара алу) бойынша айыпты деп танылды. Оған параның елу есе құнын (1 000 000) төлеу түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ оған тиесілі мүліктер тәркіленіп, ол өмір бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында болу немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымды қызметті атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау