Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымбұлақты басып қалған қар алматылықтарды шошытты (видео)

Бүгін Алматы облысының бірқатар аудандары мен Алматы қаласының таулы аймақтарында қар жауды. Алматылықтардың құбылмалы ауа-райына “еті” үйренген. Әйткенмен, жаз мезгілінде қар түседі деген ой ешкімнің ойына кіріп шықпаса керек-ті. Ақ ұлпа қарды көрген жұрт таңырқап, оны бірден таспаға түсіріп жатты.

кар алматыда 070617

“Қазір бұл жерлерде 1 градус жылылықты көрсетіп тұр. Кеше осы өңірлерде жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласты. Таулы аймақтарда қардың жаууы қалыпты жағдай саналады. Ертең күн ашық болады деп болжанып отыр. Алматы облысындағы орташа ауа температурасы +23 градус болады. Таулы аймақтарда одан төмен температураны көрсетеді”, – дейді «Казгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің инженер синоптигі Илиева Арзыгүл.

Кеше әлеуметтік желі қолданушылары Шымбұлақ, Мыңжылқы арасында қар түсті деген ақпарат таратып, суреттерін жариялаған болатын.

Тағы да оқыңыз:

ШҚО-да ер адамды жөндеп жатқан автобусы басып қалып мерт қылды

Ақтауда әйелімен жанжалдасқан ер адам абайсызда балконнан құлап мерт болды

Ұяты бар ұры екі қолын көлікпен басып өтуді жалынып сұрады (видео)

Талқылау