Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам әйелді құтқарамын деп кісі өлтірді

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Боралдай ауылы маңында қамыс арасынан шамамен 35-40 жастағы ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі кісі өлтірді деген күдікпен күл-қоқыстан темір-терсек теріп жүрген жергілікті тұрғын ұсталғанын мәлімдеді. Күдікті өзінің кінәсін мойындағанымен, марқұм бір әйелді зорламақ болғаны үшін осылай жасағанын айтқан. Оның бұл мәлімдемесін куәгер ретінде шақырылған әйел де растап отыр.

Мұнымен қатар, әйел араға біраз уақыт салып марқұмның өзін зорламақ болғанын айтып, үстінен арыз жазған. Тергеу жұмыстары барысында күдікті кінәсін толықтай мойындап, ер адамды қалай өлтіргенін түсіндіріп берді. Азамат осы уақытқа дейін де ауыр қылмыстар жасағаны үшін істі болған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы полицейлері ішінде мәйіті бар көлікті тапты

Қызылордалық шенеуніктердің ерлер мен әйелдер араласа жалаңаш күйінде демалған сәті желіге тарап кетті

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды

Талқылау