Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дипломы жоқ мұғалімдер сабақ беріп жүр

Алматы облысындағы Байғазы ауылындағы мектепте дипломы жоқ мұғалімдер сабақ беретіні туралы шу көтерілді. Аң-таң болған ата-аналар сабақ процесіне балаларымен бірге келіп қатысып жүр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Талдықорғаннан 130 шақырым жерде орналасқан мектеп үш жыл бұрын салынған. Бастапқыда азғантай бала үшін мектеп салынды деп қуанған ата-аналар, енді ондағы білім беру ісіне көңілдері толмай, директорды кінәлады.

“Бұл жерде балаларға білім беріліп жатқан жоқ. Білім сапасы бойынша біздің мектеп аудан бойынша соңғы орында тұр. Ауданнан келген комиссия мұнда колледждің анықтамасымен сабақ беріп жүрген мұғалімдерді анықтады. Бәріне директор кінәлі. Ол кадр жетіспей жатыр деп емес, керісінше бәрі керемет деп есеп берген”, – дейді ауыл тұрғыны Мұсабай Мұстафаев.

Комиссия анықтағандай, тарих пен психологиядан сабақ берген мұғалімнің қолында не жоғары білім туралы, не жұмыс тәжірибесі туралы құжат жоқ. Тек аттестат ғана. Оларды жұмыс қуғанымен, сырттай оқып жатқан үш мұғалімді қалдырған.

“Мен жұмыс істеген екі жылда 15 педагог ауысты. Келген жастар жағдай жоқ деп қайта кетіп қалады. Осы жылы бірнеше адамды жұмысқа алуға тура келді. Бірақ, тексерістен кейін оларды және орынбасарымды жұмыстан шығарды. Дегенмен кадр мәселесін шешетін боламыз”, – деді мектеп директоры Нұрдәулет Омаров.

Енді қазір мектепте тарих пен еңбек пәнінен сабақ беретін маман жоқ. Психолог та жетіспейді. Балаларының болашағына алаңдаған ата-аналар енді сабаққа қатысып, қадағалауға мәжбүр.

Оқи отырыңыз:

Астаналық бойжеткен шетелдік жігіттермен көңіл қосудың ерекшелігін айтты

Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы үй күтушісі сотталды

Оралда пара алған қос полиция қызметкері сотталды

Ақтаулық ата-аналар мектептегі қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Талқылау