Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында браконьерлер сирек кездесетін аюды атып алды

Алматы облысының тауларында браконьерлер тяньшандық қоңыр аюды атып алған, деп хабарлайды аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

maxresdefault

Тексеру шаралары кезінде табиғатты қорғау полициясы тарапынан 18-19 қыркүйек аралығындағы түнде Алакөл АІІД қызметкерлері жергілікті тұрғындардың УАЗ автокөлігін ұстаған. Автокөлік ішінен мылтық пен аю терісі, сонымен қатар жабайы аңдарды ұстауға арналған түрлі құрылғылар табылды.

Ұсталған күдіктілердің айтуынша, олар аюды “Байзерек” тауынан заңсыз түрде атып алған. 5,6 мм калибрлі мылтық тіркелмеген болып шықты. Ұсталғандардың ешқандай рұқсат құжаттары болмады.

Полиция қызметкерлері қаруды тәркілеп, ҚР ҚК 337 бабының 4-бөлімі және 287-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО полициясы күдіктіні ұстап берген 18 жастағы жігітті марапаттады (фото)

Алматыда банк тонаушылар қылмысқа не итермелегенін айтып берді

Тойхананың ақысына ақшасы жетпеген жігітті қалыңдығы сол жерде тастап кетті

Ақтөбеде тағы бір оқушы орамалмен мектепке кіре алмағаны үшін директордың үстінен арыз жазды

Талқылау