Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бойжеткен бір айдан бері іздестіріліп жатыр

Алматы облысында бойжеткен бір ай бұрын жоғалып кеткен. Қыздың ерні мен мойнында меңі бар.

Полицейлер бір ай бұрын жоғалған қызды іздеп таба алмай жатыр.

Құқық қорғау органдарында, 2000 жылы туған Обидина Александра Сергейқызын іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 2019 жылдың 25 қаңтарында бойжеткен Талғар ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

“Негізгі белгілері: Ернінің оң жағы мен мойнында меңі бар. Бойы 150-155 см. Орташа денелі. Шашы ақ сары түсті, бұйра. Көк көзді қыз. Қара күрте киген. Көк түсті джинсы мен қара бәтеңкесі бар”, – делінген хабарламада.

Александраны көрген-білген жандар болса, Талғар аудандық полиция бөліміне 295-63-96, 8-702-731-95-38 немесе 102  телефонына хабарласуды сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау