Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 6 жасар бала ферма малдарының дәреті жиналған шұңқырға құлап қайтыс болды

Алматы облысында 6 жасар бала малдың дәреті жиналған шұңқырға құлап, қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар ауыл ортасында тұрған сиыр фермасының жабылуын талап етіп отыр.

Ал шаруа қожалығы қоршаулы фермаға бала өзі кіріп кеткен деп, шаң жуытқысы келмейді. Шынар ай-күннің аманында кенже баласынан айырылып, қайғыдан қабырғасы қайысып тұр. Мамырдың 6-сы күні тапатал түсте ойнап кеткен бала үйге оралмаған. Сөйтсе көрші бүлдіршінмен бірге ойын баласы ферманың аумағына кіріп кеткен екен, деп хабарлайды 31 арна.

“Ана кішкентай бала көрсетті мына тесіктен кіргенін, одан кейін көрші екеуміз мына забордан аттап, ішіне бардық та баламды сливной ямадан шығарып алдық. Сол кезде артындағы забордың барлығы құлап жатқан”, – Іргелі ауылының тұрғыны Шынар Қырықбаева.

Бүлдіршіннің өлімі бүкіл ауылдың ашу-ызасын оятты. Себебі бұған дейін де ферма сыртына ағып жатқан малдың нәжісіне құлап, жанын әрең аман алып қалғандар болыпты. Халық фермадан аққан малдың сұйық қиы ауыл аумағын ластап бітті деп ашынады. Сасық иіске тұншыққан халықтың зарына жергілікті билік те құлақ аспаған.

“Мал өледі ана жерде, малдары сасып жатады. Боғы деген ағады қыс бойы. Көршімнің есік алды бассейн болады, зип-зеленный болып. Оны қайда жібересің?”, – дейді Жұлдыз Әкімбаева.

Наразы ел ферманың жабылуын талап етті. Халық тіпті қайғыға батқан отбасыға көңіл айтуға жарымаған ферма қызметкерлерін жұдырық астана алуға дайын болды. Алайда шаруашылық басшылығы балаға ие болмаған ата-ананың өзі кінәлі деп отыр. Себебі бала қоршаудың астынан өтіп, өзі мал дәреті жиналған шұңқырға барған.

700-ге жуық асылтұқымды мал асырап отырған сиыр фермасының басшылығы бұл жерде заңды жұмыс істеп отырғанын алға тартады. Алайда халық бизнестен қарапайым халықтың көз жасына қалмауын сұрайды.  Ал ойыннан опат болған Әрсен биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттауы тиіс еді.

Тағы да оқыңыз:

Замираның күйеуімін: Қазақ жігіті Замираның әрекетіне ашуланды

Тізерлетіп кешірім сұратқан: Шымкентте мектеп орынбасары мен мұғалімі оқушыларды мазақ етті

Ақтөбеде лифтіде қаза болған журналистің анасы мәлімдеме жасады (видео)

Талқылау