Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде лифтіде қаза болған журналистің анасы мәлімдеме жасады (видео)

Ақтөбелік журналист Айзат Әбдісаматтың отбасы 40 күндік садақасынан соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бір айдан астам уақыт бұрын болған еді. Айзат Әбдісамат еіді тележүргізуші 3 жасар қызымен тұрғын үйдің жеделсатысына мініп, сол жерде мерт болды.

Ақтөбе қаласындағы 12 ықшам ауданында бір айдан астам уақыт бұрын қайғылы оқиға тіркелді. Небәрі 28 жастағы журналист Айзат Әбдісамат үш жастағы қызымен лифтіге мініп, сол жерде мерт болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жас келіншекті күйеуі лифті ішінде қыстырылып тұрған жерінен алып шыққан. Сол жерде баласы да болды.

«Қызымның қазасы күйеу балама да ауыр тиді. Олар ұйқыдан айырылды. Кішкентай қызы анасын көп іздемейді. Бала болса да мамасының енді келмесін сезеді. Суретін көргенде ғана «Айзат, Айзат» деп елеңдейді. Кейін «менің мамам лифтіге қысылып қалды, мамам «помогите» деп айқайлады» деп қайталайды. Балада қорқыныш бар. Көлік ішінде отырғанда да «қолыңнан ұстап отырайын, құлап қалмашы» деп жанындағы адамның қолынан айырылмайды. Арада 40 күн өтті. Біз садақаны өткізіп, лифттерді тексеру аяқталғанын біліп отырмыз. Барлық айғақ бар, лифттің істен шыққаны белгілі, бірақ іс сотқа жетер емес. Кінәлі адамдардың жазаланғанын талап етеміз»,- деді Айзат Әбдісаматтың анасы Айша Төлемісова.

Отбасы лифтіге қызмет көрсететін «Жәнібек сервис» ПИК жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді.

«Тұрғындар лифтінің жиі тоқтап қалып, ішінде қамалғанын айтып жатыр. Бауырым көз жұмды. Бірақ біз мұндай қайғылы оқиғаның қайталанбауын қалап, лифтке жауапты компанияның жауапқа тартылуын сұраймыз. Пәтер иелері кооперативінің өкілі келген кезде «оның ажалы» деп айтып кетті. Жылап отырғанда осы сөз жанымызға батты. 4 жыл бойы сол лифтіге мініп жүрген Айзаттың қауіпсіздікті сақтамауы мүмкін емес»,- Айзат Әбдісаматтың апасы Гүлжайнар Қарашолақова.

Бұл іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалып, әлі де тергеу жүруде.

Оқи отырыңыз:

Қоқыста тұрады: Астананың қақ ортасындағы саяжай тұрғындары өлекселер мен күл-қоқыстың ортасында күн кешуде

Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Білім беру басқармасы жауап берді

Ақмола облысында жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен бір тәулік бойы орманда адасып жүрген

Талқылау