Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Білім беру басқармасы жауап берді

Астананың білім беру басқармасы жыл сайын мектеп ұжымына естелік сыйлық беретін бітіруші түлектердің ата-аналарына мұғалім үшін қандай сыйлықтың жақсы екенін айтып берді.

Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Бұл сұраққа білім беру басқармасы жауап берді

Бұл туралы Елорда Инфо-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жыл сайын дәстүр бойынша мектеп бітіру кезінде бітіруші түлектердің атынан мектеп директоры мен ұстаздарына естелік сыйлықтары беріліп келді.

«Біз әр жиналыс сайын меңгерушілердің өздеріне де және олардың қызметкерлеріне де ата-аналардан бағалы сыйлық алмауы керектігін түсіндіреміз. Олар тек гүлмен шектелсе сол жеткілікті. Ата-аналардан ең жақсы сыйлық ол – ұстазға деген алғыс», – деді білім беру басқармасында.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін бітіруші түлектердің мектеп ұжымына берген сыйлықтарының бірде -бірі арнайы мемлекеттік қорға табысталмаған екен.

«Мектептер мен балабақшалар бойынша ата-аналарға ешқандай сыйлыққа ақша жинаудың қажеті жоқ екенін айтамыз», – деді Астананың Білім басқармасында.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен бір тәулік бойы орманда адасып жүрген

Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін

Ақтөбеде облыстық әкімдікке көлігімен басып кірген жүргізушіге қатысты жаңа мәліметтер шықты

Талқылау