Алматы облысында 500 миллионға салынған мектептің едені қақырап, жылуы жұмыс істемей тұр

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 18:37

Алматы облысында жаңа мектептің айналасында шу шықты. Нұрым ауылының тұрғындары бес миллион теңге тұратын ғимаратты көптеген кемшіліктермен қабылдағанын: жылу жоқ, едендері тесілген, ал дәретханада желдеткіш жоқ екенін айтып шағымданды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Мектептің пайдалануға берілгеніне бір жылдан енді асқан. Екі қабатты ғимаратты 500 миллион теңгеге салыпты. Бірақ күптен күткен қуаныш түйткілді мәселелермен қарсы алды. Ата-аналар құрылысшылар өз істерін мұқият аяқтап кетпеді деп шағымданады. Мектепті салушылар ережені белден басып, материалдарды үнемдеп, сапасыз оқу ордасын тұрғызып кеткен.

“Төбеде пештің тартпай көмейі болуы керек еді, ол жоқ. Ғимарат желдеткішпен тазартылмайды. Оны вентиляциялық шахта дейді. Яғни дәретханада жарық өшкен кезде, автоматты түрде желдеткіш қосылуы керек. Ал ол жұмыс істемейді”, – дейді Нұрым ауылының тұрғыны Мұрат Нұрсалықов.

Ашуланған ата-аналар шенеуніктерге арыз жолдап қойған. Ол тәуелсіз комиссия құрып, сараптама жасатып, сосын қателіктерді шұғыл жағдайды түзеуді талап етуде.

“Міндетті түрде комиссия құрылып, оның құрамына ауыл тұрғындары да кіруі тиіс. Мейлі әкім де, құрылысшылар да қосылсын, біз бәріміз бірге жобаны қарап, мектеп дұрыс салынды ма тексерейік. Ертең кепілді уақыт аяқталады, сосын бұл нысан туралы ешкім есіне алмайды да”, – дейді тұрғын Нұрлан Үркімбаев.

Ауылдықтар ғимаратты қаптаған кемшіліктерімен қабылдап алған мектеп директорын кінәлайды. Ал мектептің бас мұғалімі болса құрылыс саласынан хабарым аз болғандықтан осылай болды деп ақталғысы келеді. Оның сөзінше, жемқорлыққа қарсы күрес бюросы “құрылыс талаптарының бұзылуы” туралы іс қозғаған. Қазір мән-жайды анықтап жатыр екен.

“Жақында ғана қыркүйек айында осы мектеп құрылыс туралы шағымды жеткіздік. Тоғыз адам тексеріп, біз оларға кемшін тұстарды көрсеттік. Енді олар бәрін түзеуге уәде берді”, – дейді орта мектеп директоры Күміс Дәулетова.

Директордың айтуынша, кеткен өрескел қателіктер тізімі толтырылып, құрылысшылар соларды түзеуге міндеттелген. Ал тексеріс аяқталған соң кінәлілер жауапқа тартылуы мүмкін. Әзірге шенеуніктер мен полиция істің ақ-қарасын анықтауда.

Жіберіп алмаңыз:

Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды

Депортациядан қорыққан ана екі ұлын суға батырып жіберді

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар