Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 13:19

Украинаның Киев облысында қазақстандық журналист әрі блогер Жанар Ахмет қамалды.

Жанар Ахметтің адвокаттарының бірі Владислав Грищенконың Азаттыққа айтуынша, журналист Интерполдың іздеуі бойынша 21 қазанда ұсталып, Вышгород қаласында уақытша тергеу изоляторына жабылған, деп хабарлайды Азаттықтың Украин редакциясы.

“Оны Киев облысының Киево-Святошинский ауданында ұстап, хаттама толтырды. Қазақстан Ахметке Қылмыстық кодексінің 177-бабы (“Алаяқтық”) бойынша Интерполмен іздеу жариялап, сол бойынша ұсталған. Қазір ол Вышгородтың уақытша тергеу изоляторында отыр” деді адвокат.

Грищенконың сөзінше, 23 қазанда Киево-Святошинский аудандық соты Ахметті экстрадициялау мәселесі қаралғанша бұлтартпау шарасын белгілейді.

Адвокаттың айтуына қарағанда, Ахметтің кәмелетке толмаған баласы, Украинада журналистің туыстары жоқ болғандықтан бала қазір журналистің таныстарының қарауында.

Киев облысы полициясының өкілі Николай Жукович Азаттыққа журналистің тұтқындалғанын растады.

“Ол Вышгородтың уақытша қамау изоляторында отыр. Ол Украина Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 208-бабы (“Уәкілетті лауазымды тұлғаның ұстауы” бойынша, Интерполдың іздеуінде жүргендіктен ұсталды. Ертең, я арғы күні оны сотқа апарып, бұлтартпау шарасын тағайындайды” деді Жукович.

Жанар Ахметтің өзі Facebook-те 23 қазанға дейін сотты күтетінін және өзін қоғам қолдайтынынан үміттенетінін жазды. Жанар Ахмет өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.

Алматыда тұрған, биліктің пробациялық бақылауында болған блогер Жанар Ахмет баласымен бірге Украинаға биыл көктемде қашып барған.

Жіберіп алмаңыз:

Депортациядан қорыққан ана екі ұлын суға батырып жіберді

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар