Алматы облысында 5 мыңға жуық шошқа өсіретін шаруашылық өзен-суларды ластап келген

Сәрсенбі, 14 Ақпан , 2018 7:13

Алматы облысында 4,5 мың шошқаны бағып отырған кәсіпкер айналасындағы табиғатқа зиян келтіріп жатыр.

Редакциямызға ауыл тұрғындары осындай шағыммен хабарласты. Іле ауданында үлкен Алматы өзенінің жағасында орналасқан ферма малдың астынан шыққан қиды қабаққа қарай төгуін доғарар емес. Қазір қармен шыланып жатқан нәжіс көктемде өзенге ағып, одан ары Қапшағай су қоймасына дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Астана арнасы.

Осылай деп дабыл қаққан тұрғындар жергілікті биліктің мәселеге араласуын талап етеді. Шошқа өсіретін қожалық бірнеше гектар жерді алып жатыр. Шаруашылық жылына 4 мыңнан астам қорсылдақ жануарды бағып, оны нарықта саудалайды. Бірақ жергілікті тұрғындар кәсіпкердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігі төмен деп отыр. Шашылған малдың қиы жағымсыз иісті күшейтіп, табиғатқа зиян келтіріп жатыр деді.  Ришат Асқарбекұлы, тілші: Шаруашылық иесі, тіпті өз аумағынан шығып, жақын маңдағы жерлерді де малдық нәжісімен толтырған.

Тау-тау болып үйілген қоқыс жердің тоңы жібіп, жылғалардан су аққанда, жақындағы өзен-көлдерді ластайды деп қауіптенеді тұрғындар. Сондықтан олар хат жазып, жергілікті биліктен мәселені шешуді талап етіп отыр. Жанна Аманжолова, Алматы облысының тұрғыны: «Гаврилюк» шаруа қожалығы шошқаның астынан шыққан барлық қалдықтарымен арықтарды бітеп тастаған. Көктемде қар ериді де, онымен бірге осы жануардың бар нәжісі Үлкен Алматы өзеніне қарай ағады.

Одан ары қарай Қапшағай көлі де алыс емес. Біз күйеуіміз екеуміз ерінбей санадық, күніне 30 тонна қи төгіледі осында.   Қараой ауылдық округінің әкімі жағдайдан хабардармын дейді. Аудан деңгейінде комиссия құрылып, мамандар аумақты тексеріп кетіпті. Бейберекет төгілген малдың қиын жинау үшін мерзім берілген. Экологтар шаруа қожалығына ірі көлемде айыппұл салмақшы. Данияр Кезербаев, Алматы облысы Қараой ауылдық округінің әкімі: Аудан әкімінің орынбасары бастаған комиссия оның құрамында ветеринарлар, су қорғау инспекциясы, ауыл шаруашылық мамандары және біздің юрист те бар, 8 ақпанда осында келіп тексеріп кетті.

Шаруа қожалығы “Гаврилюк” анықталған кемшіліктерді мойындап, 2 айда қалпына келтіреміз, тазалаймыз деп уәде берді.

Бізді қалдықтар өзенге ағады деп айыптап отыр. Негізі олай емес, бұл қидың барлығы мына аумақта сақталады. Сосын біз оны қайтадан жинап алып, қайта өңдейміз. Оған дейін басқа жерде жата тұрады”, – дейді «Гаврилюк» шаруа қожалығының ғылыми қызметкері Равиль Сағитов.

Шаруашылық иелері, көктемде шошқаның астынан шыққан қалдықтар өзенге кетпес үшін, арнайы дамба салатындарын айтты. Ал тұрғындар жаз мезгілінде шаруашылық жақтан желмен келетін иістен мезі болғандарын айтады. Ал әкімдік өкілдері құрылған комиссия жағдайды бақылауда ұстайды деп уәде берді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандық әйел қатерлі дертке шалдыққандарды қолдау үшін шашын тақырлап тастады (видео)

Павлодарда дәрігерлер көшеде әлдекімді ұрып тастады: Төбелестің мән-жайы белгілі болды (видео)

Елімізде жеке куәлік пен төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар