Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

Алматы облысы Ақсу ауданында Сыртанов ауылдық округінің Қопа ауылының із-түзсіз жоғалған тұрғыны екінші күн іздестірілуде.

ұшақ

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Іздеу шараларына 57 адам тартылды. Олар облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің, облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың, АІІБ, апаттық медицина орталығының Талдықорған қалалық филиалының қызметкерлері.

1997 жылы туған жоғалған азамат ағымдағы жылы  1 тамызда таңғы сағат 8-де жоғалған малды іздеу үшін шығып, содан бері оралмады», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.

Ведомствода атап өткендей, бүгін жоғалғанды іздеу үшін ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ «Eurocopter ЕС 145» тікұшағы жұмылдырылды.

 

Талқылау