Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 18 жастағы бойжеткен із-түссіз жоғалып кетті

Алматы облысында 18 жастағы бойжеткен бес күннен бері хабар-ошарсыз кеткен. Үшарал қаласының тұрғыны Анастасия Абаимова 7 қараша күні оқу орнына шыққанан бері үйіне қайта оралмаған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20161111143757

Бес күннен бері Анастасияның телефоны өшірулі, жақындары оның қайда кеткенін білмейді. Аяқ астынан перзентінен айырылған Ольга ІІБ-на арызданған. Олардан жауап келмегеннен кейін шарасы таусылған ана бақсы-балгерлердің табалдырығын тоздырып жүр. Тәуіптердің бірі бойжеткенді «ұзын бойлы ер жігіт пен екі әйел көлікке отырғызып, алып кеткен, әрі қазір Алматыда қол-аяғын байлап ұстап отыр» дегенді айтқан.

Онсыз да зәре-құты қашқан Ольга мұны естігеннен кейін тіптен өзін қоярға жер таппай жүр.

«Балама не істеп жатыр, білмеймін. Бес күн болды, аузыма дәм де алмадым», –  дейді ашынған ана.

Анастасия Үшарал қаласындағы колледждердің бірінде білім алады. 1998 жылы дүниеге келген қыз 27 қазанда ғана кмәліеттік жасқа толған екен. Қазір кез-келген ақпарат оның отбасы үшін маңызды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған жанұя қыздарының амандығын тілеумен отыр. Қандай да бір ақпаратқа ие болсаңздар, қыздың туыстары төмендегі нөмір бойынша хабарласуларыңызды сұранады: 8771 055 25 82.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодардағы жол апатынан қазақтың ақын қызы қыршынынан қиылды

Желіде сәбиін аяусыз ұрып-соққан тағы бір безбүйрек ананың видеосы пайда болды (видео)

Қазақстанның туын қоқысқа тастай салған Қостанай тұрғыны халықтан кешірім сұрады

Бас прокурор педофилдердің неліктен жазадан құтылып кететінін айтты

Талқылау