Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы ІІД: Ұзынағашта қаза тапқан ағайындылардың ісі тыңғылықты тергеледі

Алматы облысы ІІД басшысы Мұрат Үрімханов Жамбыл ауданында қаза тапқан үш ауыл азаматының туыстарымен кездесті, оларға атышулы кісі өлтіру қылмысына жан-жақты тергеу жүргізетінін айтты.

Bezymyannyy-71

Өңір полициясының басшысы оларды өз кабинетінде қабылдап, көңіл айтты. Жәбірленуші тараптың іздеу барысында туындаған мәселелерін, аудандық полиция қызметкерлерінің әрекетіне, күдіктілерді ұстауға қатысты ойларын тыңдап, талқылады, деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Қаза тапқан азаматтардың туыстарымен осы қылмыстық істі тергеумен тікелей айналысып жатқан ІІД Тергеу басқармасының басшысы мен қызметкерлері де кездесті.

“Қылмыстық іс ІІД аппаратында өндірісте. Тергеу жұмыстарына ең тәжірибелі қызметкерлер жұмылдырылды. Олар барлық мән-жайды ескеріп, толық, жан-жақты тергеу жүргізеді”, – деп атап өтті полиция генерал-майоры Мұрат Үрімханов.

Жәбірленушінің туыстарына тергеу барысы ҚР Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қалмұхамбет Қасымовтың ерекше бақылауында екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

Үш ер адамды өлтірген күдіктілер ұсталды. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны болып шықты. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР ІІМ министріне жантүршігерлік қылмысты жеке бақылауына алуын тапсырды.

Қаза тапқандардың туыстары қылмысты тек екі адам жасады дегенге сенбейді, тергеудің ресми нұсқасын теріске шығаруда.

Оқи отырыңыз:

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Ақтөбеде үш күн бойы цитрамон ішкен жас ана бір аптадан бері ес-түссіз жатыр

Анасы 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен

“NinetyOne” тобын қолдаған оңтүстік жастары батыр бабалардың сырға тағып, шаш бояғанын мысалға келтірді (видео)

Талқылау