Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі оқылды

Алматы метросының бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев жалпы режимдегі колониға 9 жылға жабылды. Сот оған 5 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, “Құрмет” орденінен айырды.

image115707

Бұл туралы Қазақстан-Жаңалықтары сайты хабарлайды.

Мұрат Өкшебаевтың орынбасары Ербол Қалдыбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Тағы бір айыпталушы, “СредАзЭнергоСервис” ЖШС басшысы Константин Антипов та 8 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды, ол да 3 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім Алматыдағы Медеу аудандық сотында оқылды.

Сот үкімімен шығынды үш айыпталушы бірігіп өтейді, жалпы көлемі – 2 миллиард 503 миллион теңге. Әрқайсысына 8 миллион 343 мың теңгеден келеді. Сонымен қатар, сараптамалар жүргізілгені үшін Өкшебаев пен Антипов 59 684 теңгеден төлейді, ал Қалдыбаев – 24 230 теңге. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Судья сот шешіміне шағым келтіруге болатынын түсіндірді.

Өкшебаевқа “Сеніп тасырылған бөтен мүлікті иеленіп алды немесе ысырап етті” деген айыптың тағылған болатын. Осыған дейін болған сот отырысында Қалдыбаев өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, айыпталушыларға процессуалдық келісім жасау ұсынылды, бірақ олар бас тартты. Айыптауға сәйкес, іс фигуранттары қылмыстық схема жасап, жалған кәсіпорын ашқан. Ол тендерлерге қатысуға тиіс болған. Осылайша, олардың компаниясы конкурстарда жеңіске жеткен. Шығынның көлемі миллиардтап саналды.

Есте болса, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.

Талқылау