Алматы метросының басшысы жұмысынан кетті

Дүйсенбі, 18 Сәуір , 2016 21:52

Алматы метросының директоры ауысты. Мекеменің бұрынғы директоры Айдын Оразханов бүгін өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған.

metro-0031

Бұл ақпаратты қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков растады.

«Метрополитен» МКК баспасөз қызметінде хабарлағандай, бүгін басқарма басшысы Дәурен Әлімбеков Айдын Оразхановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, ұжымға жаңа басшыны таныстырған.

Енді директордың міндетін оның орынбасары Нұрлан Мұқанов уақытша атқаратын болды.
Айта кету керек, Айдын Оразханов метро басшылығына 2014 жылы келген. Бұған дейінгі басшы Қуат Мұсабеков жұмысшылар тарапынан шағым көп түскендіктен орнынан кетуге мәжбүр болған еді.

Ал былтыр метрополитеннің бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаев аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар