Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының сәтті жобаларының қаласы болды

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 2018 жылды жақсы аяқтауы мүмкін. 2018 жылы барлық қаржыландыру есебінен 10,5 миллион шаршы метр пайдалануға берілу жоспарланып отыр. Бұл 100 000 тұрғын үй, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының сәтті жобаларының қаласы болды

Олардың ішінде тек мемлекеттің инвестиция есебінен 3599 өтеусіз жалдалмалы 14 815 несиелік, 1859 өтелетін жалдалмалы, 5251 коммерциялық және Аймақтарды дамыту бағдарламасының аяқталған жобалары бойынша 1716 пәтер салынады.

Операторы «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры болып табылатын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысы бағыты қарқынды дамып келеді. Үлкен көрсеткіштерге Алматы қаласының сәтті жобаларының арқасында жеткенін атап өткен дұрыс.

Мысалы, биыл 1000 нан артық пәтері бар «Алатау Сити» тұрғын үйі пайдалануға берілді. Олардың ішінде 845 пәтер Жылжымайтын мүлік қорынікі болып табылады.

Сонымен қатар, Қордың пайдалануға берілетін басты жобасы болып Медеу ауданында орналасқан «VOSTOCHKA.KZ» тұрғын үйі табылады. Желтоқсан айынан бастап бұрын соңды болмаған 78 000 шаршы метр құрайтын тұрғын үйлер саны пайдалануға беріледі. Олардың ішінде 1827 пәтер Жылжымайтын мүлік қорынікі болып табылады.

Нысан құрылысшыларының айтуынша, «VOSTOCHKA.kz» тұрғын үйін тұрғызарда «Baur Kazakhstan» компаниясы сейсмикалық төзімділікке аса мән берген. Үйлер әрденген күйінде беріледі. Десе де, шараны оңтайландыру шаршы метр бағасын 279 000 теңге көлемінде сақтап қалуға мүмкіндік берген.

Алматылық құрылысшылардың тиімді жұмыстары мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға септігін тигізуде. Соңғы үш жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында Қазақстанда жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің саны 10 миллион шаршы метрден тұрақты түрде асуда.

Талқылау