Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңындағы Талғар шатқалынан польшалық туристің мүрдесі табылды

Алматы маңындағы Талғар шатқалында польшалық туристің мүрдесі табылды.

lesnaya_skazka2

Бұл туралы Алматы қ. ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.

«2016 жылдың 26 қаңтарында таңертең 09 сағат 20 минутта ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Талғар шатқалының сол жақ бөктерінен жоғалып кеткен польшалық азаматтың мүрдесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша ол қатты тоңудың салдарынан көз жұмған. Жасақ қызметкерлері қазір туристің мүрдесін «Каспий алаңқайы» деп аталатын тікұшақ қонатын алаңға алып келе жатыр. Оны медициналық мекемеге жеткізу үшін «Қазәуеқұтқару» АҚ тікұшағы іске қосылды», – деді   Баймұханбетова.

Айта кетелік, 25 қаңтарға қараған түні сағат 02:25-те польшалық туристің 24 қаңтар күні таңертең сағат 10:17-де «Шымбұлақ» тау-шаңғылы шипажайының маңына серуендеуге шығып, қайта оралмағаны жөнінде ақпарат келіп түскен болатын.

Ол нақты қайда баратындығын айтпаған. Оны іздеуге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің Республикалық жедел-құтқару жасағының 19 құтқарушысы, 1 техникасы және 1 кинологиялық топ жұмылдырылды. Сондай-ақ, Алматы қаласының құтқару қызметі жеке құрамының 12 адамы мен 5 техникасы және «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайының 4 құтқарушысы іздеу-құтқару жұмыстарына кіріскен болатын.

 

Талқылау