Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы әкімшілігінің қызметкерлері жұмысқа велосипедпен қатынауда

Алматы қаласы әкімшілігінің қызметкерлері көліктерін велосипедке айырбастап жатыр. Мұнымен қатар, аталған транспорт түрін сатып алу үшін ақша жинап жүрген қызметкерлер де бар.

3E0A6409

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектен бастап оның қоластындағы 86 қызметкердің велосипедпен жұмысқа қатынауды қолға алатындығы туралы айтылған болатын. Мұндағы басты мақсат – Алматы қаласы экологиясын жақсартып, халықтың таза ауамен тыныстауына жағдай жасау. Мұнымен қатар, қала тұрғындарына үлгі болу.

Бүгінде әкімшілік қызметкерлері толықтай велосипедке көшпесе де, аталған транспорт түрін таңдайтындар қатары көбейген.

3E0A6393

“Өзіңіз көріп тұрғандай әріптестеріміз уақыт өте келе салауатты өмір салтына үйренісіп жатыр. Мынау тұрған экономика басқармасының төрағасы Мақсат Кәкімовтің велосипеді. Аталған транспорт түріне өзім жақында ғана ауыстым. Сәтпаев көшесінің бойында тұратындықтан, маған барынша ыңғайлы. Тіпті түскі ас уақытында бала отырғызатын қосымша бөлшегін сатып алмақпын. Бүгін баламды балабақшаға алып барамын деп аздап кешігіп қалдым. Өйткені бір қолыммен баламды жетектеп, екінші қолыммен велосипедті сүйреуіме тура келді. Уақыт өте келе қатарымыз көбейеді деген ойдамын”, – деп әкімшіліктің баспасөз қызметшісі Еркебұлан Кенжебұлатов жұмысқа келетін бойжеткендердің де велосипедке көшуге дайын екенін айтты.

3E0A6401

3E0A6403

3E0A6404

Мұнымен қатар, кей қызметкердің велосипед сатып алу үшін ақша жинап жүргенін айтты. Әріптестер бір-бірінің велосипедтерін де танып алған екен.

3E0A6408

3E0A6410

Кей азамат бірде қоғамдық көлікпен жүрсе, енді бірде жұмысқа велосипедпен келуді жөн көреді. Олар барлығы да ауа райына байланысты екенін айтады. Арасында әлі күнге дейін көлікпен келіп жүрген азаматтар да жоқ емес.

3E0A6414

3E0A6416

Бірақ әкімнің қазірге велосипедпен жұмысқа келгенін ешкім көрмепті.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы әкімінен бастап әкімдіктің 86 қызметкері велосипедке көшетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау