Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімінен бастап әкімдіктің 86 қызметкері велосипедке көшпек

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектен бастап оның қоластындағы 86 қызметкер велосипедпен жұмысқа қатынауды қолға алмақшы. Бұл туралы қала әкімінің халыққа есеп беру жиынында  Байбектің өзі айтқан.

baurzhan_b

«Біздің балаларымыз осы Алматыда өсіп жатқандықтан  қаланың әуе бассейні жайлы ойлауымыз керек. Халықтың өзі таза ауамен тыныстағысы келеді. Бір жағы  электронды билеттендіру жүйесі іске қосылғаннан кейін, тұрақ бағасы өсіріледі. Қалаға сырттан кіретін көліктер ақы төлейтін болады. Міне осының барлығы талап етілген кезде халық өз қарсылығын білдіреді»,-деді қала әкімі.

Қалабасшысы өз сөзінде әуедегі қалдықтың  80%-ы  жекеменшіктегі көліктерден пайда болып жатқанын айтады.

« Біз оны орталықтан ығыстыратын боламыз. Одан бөлек комуналдық транспорттың барлығын газға ауыстырамыз.  Жекелеген адамдарға  ауыстыру үшін баға  бәсекесін ұйымдастырамыз. Қазірдің өзінде 86 әкімдік қызметкері  велосипедке отыруға дайын. Олардың қатарында мен де бармын. Біздер тұрғындарға мысал болуымыз керек. Экология- ең маңызды сұрақ»,-деді өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

 

Талқылау