Алматы барахолкасында тағы да шу шықты: 200-ге жуық саудагер наразылық білдіруде

Алматы барахолкасында 200-ге жуық саудагерлер нарық иесінің талаптарына наразылық білдіріп, шу шығарды. Олардың бұлай дау шығару себебі базар басшылығының еш ескертусіз қуып шығуында. Бірақ, басшылық саудагерлерге базарды босатыңдар деп бірнеше ай бұрын ескерту жасағанбыз дейді. Алайда, кәсіпкерлер осы базардың арқасында нан тауып жеп отырғандықтан, ол жерден кетпейміз деп, наразылық білдіруде. Алматының ең үлкен сауда орнындағы дау туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы барахолкасында тағы да шу шықты: 200-ге жуық саудагер наразылық білдіруде

Бизнес үшін үйін кепілдікке қойып, несие алған саудагерлер қарыздарын да төлей алмай не іздейміз деп шырылдауда.

«Олар жаңа сауда нүктесі салынғанша осында тұрасыңдар деген болатын. Содан кейін біздің орын дайын болғанша жаңа сауда нүктесінде жұмыс істей тұрасыңдар деді. Олар бізді алдан кіріп алды. Ал, біз бұл орын үшін бір жылға салық төлеп қойғанбыз»,- дейді Саниям Кәрімова.

Жиырмаға жуық кәсіпкерлер басшылықтың талабына мойынұсынып заттарын жинап, орындарын тастап кеткен көрінеді.

«Еш ескертусіз шығыңдар деді. Әйтеуір мен ол жерден әрең дегенде бір орын таптым. Мұнда бұрыннан келіп жүрген клиенттеріміз болатын»,-деді Раушан Исмаилжанова.

Саудагерлерді қуып жатқан басшылықтың айтуынша, базар қайта жаңғыртудан өтеді. Енді, барахолкадағы ескі темір контейнерлердің барлығы алынып тасталып, онда жаңа сауда орталығы бой көтереді. Алайда, саудагерлер басшылықтың талабын орындамай, сауда нүктелерін тастап кеткілері келмей отыр. Олардың бұл мәселе бойынша дауласып жүргеніне алты ай болған. Әкімшілік болса, саудагерлерге осы уақытқа дейін жаңа орын іздей беріңдер деп ескерткендерін айтуда.

«Базардың бүгінгі жағдайы жаңа қожайындардың көңілінен шықпайды. Яғни, біз сауда үйін салуды жоспарлап отырмыз. Біз корпустың төменгі бөлігін бастап кеттік, енді бізде екінші ғимарат болады. Бұл жерде контейнер деген мүлде болмайды. Тек сауда үйі болады, бұл үрдіс, өмір!»,-дейді сауда үйінің атқарушы директоры Сәкен Өмірзақов.

Базардың жаңа қожайындары тұрғызған сауда орталығының бірінші бөлігі дайын. Енді темір контейнерлердің аумағы тазаланған соң, екіншісі ғимараттың құрылысы басталады. Алайда, басшылықпен дауласып отырған саудагерлер орындарын босатар емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар