Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайына аты аңызға айналған Ан-225 «Мрия» ұшағы қонды (фото)

Аты аңызға айналған әлемдегі ең үлкен ұшақ болып табылатын алып “Мрия” осымен екінші рет Алматы Халықаралық әуежайына қонып отыр

Бұл туралы әлеуметтік желіні пайдаланатын авиация әуесқойлары ғаламторда жария еткен.

Ан-225 “Мрия” – О.К.Антонов атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы жасаған аса ауыр жүк тасымалдаушы көліктік реактивті ұшақ. Әлемдегі ең үлкен ұшақ болып табылады. Алып ұшақтың орнынан қозғалу, қонуы – барлығы да өте әдемі ғажайып көрініс. Ол 1984-1988 жылдары Киев механикалық зауытында жобаланып салынған. Алғаш рет 1988 жылы 21 желтоқсанда ұшты. 1989 жылы мамырда ұшақтың «Боран» ғарыш кемесімен бірге Байқоңырға ұшуы болды, ал маусымда ұшақ «Буранмен» бірге Ле Бруже авиациялық салонына қатысты. Қазіргі таңда Ан-225 «Антоновтың авиажелілері» әуе компаниясының құрамында коммерциялық жүк тасымалдарында қолданылуда. Сағатына 850 шақырым жылдамдықпен ұша алады.

Талқылау