Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыны шаңды дауыл басып қалды (видео)

Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, қаланы шаңды дауыл басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауа райының кенеттен өзгеруі 17:30 шамасында болды. Қатты желден шаң мен құм ауаға көтерілді. 

Қаланың кейбір аудандарында электр жарығында ақаулар пайда болып, такси бағасы көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматыда күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады деп болжаған болатын. Батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр.



Шаңды дауылдан соң қалада жаңбыр жауа бастады.

Бірнеше сағат бұрын Бішкек тұрғындары қатты желді сезінгенін хабарлады. Осыған байланысты Қырғызстан астанасында төтенше жағдай жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялаған едік. 

Талқылау