Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрт шыққан пәтерден әйелдің денесі табылды

1 мамыр күні таңғы уақытта Әуезов ауданы 7-ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шықты. Тұрғынүйдің 4-қабатындағы пәтер өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/almaty_tjd

“Өрт кезінде үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам эвакуацияланды. 1990 жылы туған азамат №7 клиникалық аурухана жатқызылды және пәтерден 1997 жылғы әйелдің денесі табылды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 



Өртті сөндіруге 48 өрт сөндіруші мен 12 техника жұмылды. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалын сағат 05:52 шамасында түгелдей сөндірілді. Тергеушілер мен полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыдағы Wildberries қоймасынан өрт шыққаны туралы жазған едік.

Талқылау