Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ыстық судан зардап шеккендерге 12 млн теңге өтемақы төленді

10 сәуірде жылу құбыры жарылып, сол маңдағы 7 пәтер мен 9 автокөлік зардап шеккен болатын. Үй иелерінің жартысы жөндеу жұмыстарын өз қолына алса, қалғаны бұл істі Медеу аудандық әкімдікке жүктеп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ақша

Сурет: Factum.kz

Істен шыққан тұрмыстық техника мен бүлінген жиһаздардың да сомасы ескерілген. "Алматы жылу жүйесі" баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындарға төленетін өтемақы көлемі әртүрлі. Ең төменгі сома - 500 мың теңге.

Қаржылай көмекті есептеуге тәуелсіз сарапшылар тартылған. Ақша солардың шешіміне орай үлестірілген. Ал, денесін күйік шалып, ауруханаға түскен 4 адам жылу беру мекемесінен моральдық өтемақы талап етпеген.

 

Талқылау