Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қалалық полиция департаменті  бастығының орынбасары қызметін атқарушы Нұрлан Аманбекке қатысты іс қозғалып, артынша іс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

"2022 жылғы 27 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы бойынша Аманбек Н.А.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Іс тоқтатылды", –  делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұрлан Аманбек ұлына Қайрат Нұртас, Мақпал Жүнісова, Тұрсынбек Қабатов және басқа да отандық жұлдыздардың қатысуымен қымбат мейрамханада 400 орындық той жасап жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

"Аталған факті бойынша бас прокуратураның Қылмыстық кодекстің 362-бабы "Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуде. Өз кезегінде бұл фактіге жол бергені үшін Алматы қалалық ІІД басшылығы мен орта буын басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген ақпаратта. 

Қазір Нұрлан Аманбек ішкі істер органдарындарында қызметін жалғастыруда. 

"Қазіргі уақытта ол ішкі істер органдарында қызметін жалғастыруда. 2024 жылдың ақпан айынан бері ол Алматы қалалық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді", — делінген ІІМ-нің жауабында.

Осыған дейін БАҚ-та Аманбектің аса ірі көлемде пара бергенін мойындағаны жазылған ақпарат тараған. 

"Талғат Махатовтың ісі бойынша жауапқа тартылмас үшін полицейдің өзі 50 мың доллар бергенін мойындап отыр. Яғни, шын мәнінде Нұрлан Аманбек делдал арқылы құқық қорғау органдарына пара берген. Ал полиция полковнигі пара беруші болып шықты", – деп жазады басылым.

Айта кетейік Махатов атышулы "Қорғас ісінің" негізгі тұлғаларының бірі болып саналады және ол "Бетон" лақап атымен танылған бұрынғы қаржы полициясының агенті.

Осыған дейін "Қорғас ісі” бойынша бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұрынғы қол астындағы қызметкері Кенжебек Жұмабеков қамауға алынды

Талқылау