Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы мектепте 5 баланың бояу иісінен уланып қалғаны туралы ақпаратты әкімдік жоққа шығарды

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі ауыл мектептерінің бірінде сабақ уақытында бояу иісінен уланған бес бала туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Талғар аудандық білім бөлімі 16 сәуір күні сағат 16:20-да екінші сабақта 7-сынып оқушысы денсаулығына шағымданғанын хабарлады. Дәрігерлік амбулатория дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оқушыны анасымен бірге оны Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы облыстық балалар ауруханасына жіберді.

"Дәрігерлер оқушыны тексеріп, анализдер алып, ЖРВИ диагнозын қойды. Оқушының уланғаны расталмады. Бұл ретте бояу иісінен зардап шеккен бес бала туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", — делінген әкімдік хабарламасында. 

Әкімдіктен 12 сәуір күні Жалғамыс ауылындағы № 15 мектепте сабақ біткеннен кейін бір сыныптың қабырғасы, едені мен парталары, сондай-ақ қабылдау бөлмесі мен директор кабинетінің едендері сырланғанын атап өтті. Мектеп сыныптарын сырлау демеушілік қаражат есебінен жүргізілген.

"Мектепке жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу жылы аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Осы талапты орындамаған мектеп директорына “сөгіс” түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл мәселе білім басқармасының қатаң бақылауында", — делінген хабарламада.

Бұған дейін Талғар ауданындағы мектептердің бірінде оқу жылы аяқталмай жатып, кабинеттердің сырланғаны туралы және бояу иісінен 5 оқушы уланып, ауруханаға түскені туралы жазған едік. 

Талқылау