Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қызды өлтіріп кеткен де шығар – Полиция

Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы облысы полиция департаменті

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталды.

"Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", – деді полиция департаментінің өкілдері.



Еске салайық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында үш жасар Айя София із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Оның айтуынша, бала сағат 16:00-де үйден шығып кеткен.

Талқылау