Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы – бақ қала": мегаполисте жаңа алма бақтары пайда болады 

"Алматы – бақ қала" акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады.

7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылады. 

"Алматы - бақ қала" жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген. 

Көшет егу жоспарланған негізгі орындар:  

  • ҮАК бойындағы көшенің солтүстігінде, Жаңа Сайын көшесінің шығысында орналасқан саябақ аумағында 500 жеміс ағашы (алма ағашы – 250 дана, өрік – 250 дана);
  • "ALA" саябағының аумағында 2 270 алма көшеті;
  • Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000 жапырақты ағаш.

Аудан әкімдіктері алма аллеяларын құру, жапырақты ағаштар мен бұталарды отырғызу бойынша жұмыстар жүргізеді:

  • 1 245 алма ағашы;
  • 90 жапырақты ағаш;
  • 2 600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.)
Талқылау