Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы-1" вокзалы жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қалай өзгереді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Алматы-1» вокзалының жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі көрінісі қандай болатынын көрсетті. Есеп бойынша, жөндеу жұмыстарына бір жылға жуық уақыт қажет. Компаниядағылар жөндеу жұмыстары кезінде вокзалдың жұмыс істей беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Компаниядағылардың мәліметінше, жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталады. ҚТЖ мұндай шешімді Алматы қалалық әкімдігі қабылдайтынын мәлімдеді. 

«Бүгінгі таңда «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдарың Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру жұмыстары жүргізілуде. «Алматы-1» темір жол вокзалын қайта құру» жобасы әзірленіп, «Мемсараптама» РМК-нің бірыңғай порталына толыққанды жеке сараптама жүргізу үшін жүктелді. Қайта құру туралы шешім Алматы қаласының әкімдігі вокзалдарды қалалық коммуналдық меншікке ауыстырғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.
«Алматы-2» вокзалың қайта құру жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге арналған келісімшарт рәсімдер жүргізілуде», - дейді компаниядағылар. 
ҚТЖ вокзалдың жөндеу жұмыстарына қанша ақша бөлінетіні әзірге белгісіз екенін айтты. 

«Жобаны қаржыландыру және әрі қарай іске асыру «Алматы-1» вокзалын қаланың коммуналдық меншігіне ауыстырғаннан кейін анықталады.

Алматы-1 теміржол вокзалының құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетіледі», - дейді компания өкілі.

Жоба бойынша, вокзал ғимараты үш аумаққа бөлінеді: операциялық, қызметтік және қамтамасыз етуші аумақ. 

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жоба ақпараттық құрылғыларды, санитарлық-гигиеналық бөлмелерді, күту залын, билет кассасы, лифттерді қарастырады. 

Сонымен қатар вокзалда жоғары жылдамдықты Wi-Fi пайда болады деп жоспарлануда. 

Сондай-ақ күту залының жарықтандырылуына айрықша назар аударылады. 

Вокзал ішінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі заманауи бағдар беруші пайда болады. 

«Алматы-1» вокзалының ғимаратында өту жолдарының аумағын кеңейту, қосымша эскалаторлар, заманауи лифтілер орнату жоспарланып отыр. 

Перрон тағы 3 вагонға үлкейеді. ҚТЖ-дағылар заманауи вокзалдар өз клиенттеріне поезд күту кезінде барлық мүмкін қызметтерді көрсетуі тиіс деп санайды. 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясындағылар «Алматы-1» вокзалы жөндеу жұмыстары кезінде жұмыс істей беретінін айтты. 

«Алматыдағы теміржол вокзалдарын қайта құру барысында жолаушылар пойыздарының уақыт кестесін ескере отырып, үздіксіз жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл үшін, жұмысдарды кезең-кезенмен жүргізу жоспарланып отыр, яғни, жолаушыларға қызмет көрсету бойынша теміржол вокзалдарының қажетті қызметтері ғимараттарттың қайта құру жұмыстарын кейінірек бастайтың басқа бөлмеріне көшіріледі», - дейді компания өкілі. 

Талқылау