Алмас Кішкенбаевты мектептегі ұстаздары “Кнопка” деп әжуалаған

Жұма, 2 Қыркүйек , 2016 16:28

Алмас Кішкенбаев Кәрім Мәсімовтың эстафетасын жалғап, алғашқы ұстазын құттықтады. Мұнымен қатар, мектеп қабырғасында ұстаздарының өзін “Кнопка” деп әжуалағанын айтып өтті.

14026629_953026064808794_1319667439_n

Фото: instagram.com/kishkenbayev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше барша қазақстандық жұлдыздар халықты Білім күнімен құттықтап, өздерінің қуанышын бөліскен-ді. Қарақат Әбілдина, Сая Оразғалиева, Лидо, Алтынай Жорабаева сынды жұлдыздардың балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Мұнымен қатар, әнші қауымы Кәрім Мәсімовтың эстафетасын жалғастырып, өздерінің ұстаздарын құттықтады. Эстафета барасында белсенділік танытқан жұлдыздар қатарында Алмас Кішкенбаев та бар. Ол өзінің алғашқы ұстазын шын жүректен құттықтап, мектеп кезіндегі лақап аты туралы айтып берді. Оны ұстаздары “Кнопка” деп атаған екен.

“Бұл менің алғашқы мектеп қабырғасында жүргенде түскен суретім. Бүгін Кәрім Мәсімовті қолдап өзімнің алғашқы ұстазымды құттықтайын деген оймен салып отырмын. Қызылорда қаласында 212 мектеп мұғалімі Кентай апайым алғаш маған әліппені үйреткен. 2 сыныпта 26-шы мамандандырылған мектеп интернатына ауысып, ол жерде бастауыш сыныптарда тәлім берген менің Мәнді апайым. Жоғарғы сыныптарда білім берген барша ұстаздарымды және сынып жетекшім Жәмиля апайымды құттықтаймын! Барша мұғалімдерді, мектеп қабырғасын енді аттағалы отырған оқушыларды мерекемен Құттықтаймын! Мені мектепте мұғалімдер “Кнопка” дейтін. Суреттен кнопканы көріп тұрсыздар ма?” – дейді Алмас Кішкенбаев.

Желі қолданушылары әншінің сұрағынан бұрын, оның өзіне назар аударды. Қыз қауымы оның сүйкімділігіне тамсана қарады. Мұнымен қатар, бала күнінде анасына отбасын асырауға көмектескенін тілге тиек етті. “Мектебіміздің мақтанышы, мамаңыздың нан табары едіңіз”, “1985 жылғылар 1 сыныпқа осындай көйлек киіп барған-ау шамасы”, “Қандай сүйкімді едің өзің?”, “Рахмет, Алмас аға! Арықтап, сахнаға тезірек шығыңызшы!” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз: 

Алмас Кішкенбаев қызының 2 жасынан боянып, 3 тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

Алмас Кішкенбаев өзінің әйел кейпіндегі суретіне қатысты пікірін білдірді

Тыңдармандары Алмас Кішкенбаев қыздарының ұқсастығына қайран қалды

Белгісіз біреулер Алмас Кішкенбаевты мазақ етті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар