Алмас Кішкенбаев өзінің әйел кейпіндегі суретіне қатысты пікірін білдірді

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 12:30

Әнші интернет беттерінде тараған өзінің әйел кейпіндегі суретіне қатысты пікір білдірді. Ол суретті өңдеген адаммен соттаспайтынын айтып, барынша байсалдылық танытты.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Белгісіз біреулер фотошоптың көмегімен әншінің әйел адам кейпіндегі образын жасаған. Әйел тәнінің Анджелина Джолиге тән екені байқалады. Себебі қолында айдаһар татуировкасы бар. Фотошоп жасаушының іске кіріскендігі соншалық, тіпті әншіге кәсіби макияж бен ерекше шаш үлгісін жасап берген.

Аталған суретке аз уақыт ішінде 500-ден астам лүпіл қойылып, жүздеген пікір жазылған. Мұнымен қатар, әнші де суретті жасаған адамға қатысты пікір білдіруді жөн көрген.

“Мен ол суретке мүлдем ренжімеймін. Себебі танымал әнші ретінде сахнада жүріп, елдің назарында болғандықтан, маған жасалып жатқан бірінші қастандық емес. Біздің эстрадамызда жүрген әншілердің барлығы дерлік осындай мазақ пен түрлі сынның астында қалып жатады.

Ал бұл суретке келетін болсақ, жасаған адамның сана сезімінің жеткен жері осы болғаны. Мұның барлығы үйдегі тәрбиеге байланысты. Бұл сурет кеше ғана шыққан жоқ, ғаламторда бұрыннан жүр. Менің қазір ақылсыздармен соттасып жүретін уақытым жоқ”, – дейді Алмас Кішкенбаев.

Желі қолданушылары да әншінің бұл сөздерін құп көріп, оған назар аудармауға кеңес берді.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары Алмас Кішкенбаев қыздарының ұқсастығына қайран қалды

Алмас Кішкенбаев кезекті туындысын сүйіктісіне арнады (видео)

Алмас Кішкенбаев даяшы болып жұмыс істеді (фото)

Балаларына ерекше есім сыйлаған қазақстандық жұлдыздар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Алмас інім өте дұрыс айттың, бұрын жақтырмайтын едім, ер жігітке тəн сабырлылық танытқаныңа риза болып қалдым. Қай қатынөсектің артынан қуалайсың. Ит үреді керуен көшеді!

  • Анонимно says:

    Сонда да біздің казак кешірімді міз алмас тек алға сені көрем ағаң дардың көзі шксын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар