Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев кезекті туындысын сүйіктісіне арнады (видео)

Алмас Кішкенбаев бірнеше жылдық үзілістен кейін жаңа бейнебаян түсірді.

image

Фото: instagram.com/kishkenbayev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған туынды “Еркеле” деп аталады. Әншінің өзі ашып айтпаса да, тыңдармандары бұл әнінің сүйіктісіне арналғандығын жарыса жазып жатыр.

Әннің мәтінін Мархаба Сәби, ал әуенін Сағыныш Нұрланұлы жазған.

“Шын жүрекпен жасалған дүние жүректеріңізге жетеді деп ойлаймын. Еркеленің бейнебаяны бүгін дайын болады. Әр басқан қадамдарыңыз берекеге толы болсын”, – дейді Алмас Кішкенбаев.

Бейнебаянды тамашалап үлгерген желі қолданушылары әншінің толып кеткенін айтып жатыр. Мұнымен қатар, әдетте туындыларына ұқсамайтынын тілге тиек етіп, оң бағасын берді.


Жіберіп алмаңыздар:

Алмас Кішкенбаев даяшы болып жұмыс істеді (фото)

Артұр Төлепов Америкада түсірген бейнебаянын сүйіктісіне арнады (видео)

Мадина Сәдуақасова жаңа бейнебаянында алғаш рет биледі (видео)

“Домино” тобы қыздарды әжуалайтын бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау