Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“All Davay” солисі өздерін сотқа берген Шарапованың әрекетін ақымақтыққа теңеді

 “Негры” тобының солисі Диана Шарапова All Davay тобын сотқа беріп, олардан 4 миллион теңге талап етті. Мұны естіген Шоқан Маратұлы әншінің бұл әрекетін ақымақтыққа теңеп, талас тудырған әнді бала күнінен естіп жүргенін жеткізді.

1

Фото: www.xmusic.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Диана, бұл не деген ақымақтық? Мен аталған өлеңді бала күнімнен білемін. Ауылда гитарамен әртүрлі халықтың әндерін орындап өстім. “Жаңажылдық бал” әні есіме түскен соң YouTube желісінен Еркін Сүйіндіктің видеосын тауып алдым. Осы ән балалық балғын шағымды еске түсіргендіктен, оны орындауды жөн көрдік. Мұнымен қатар, біздің форматқа сай келді”, – дейді Шоқан Маратұлы.

Диана Шарапованың қорғаушысы Роман Миронов хабарласып, аталған әнді айтуға тыйым салған кезде әншілер қатты таңқалған.

“Мен шоу-бизнеске кеше келген жоқпын, халық әнін қайталап айтып жатқан бірінші әнші емеспін және неге қайталап айтуға болмайтындығын мүлдем түсіне алмадым. Қаншама артистер авторлары бар ретро әндерді орындап жүр. Мүмкін бар мәселе Диананың Қазақстаннан жырақта өсіп, бұл өлкеде ойын баласының қандай әндер тыңдап өскенін, тойда қандай әндер қойылатынын білмейтіндігінде шығар”, – деп әнші отандық басылымдардың жалған ақпарат бергенін айтып өтті.

Отандық басылымдардың бірі әншілердің аталған композицияның жаңа нұсқасын Диана Шарапованың әні шыққан соң небәрі екі апта өтпей жатып қайталағанын хабарлаған. Шоқан Маратұлы мұның жалған ақпарат екенін тілге тиек етті.

“Оның барлығын бейбіт жолмен шешуге келіспегені қызық болды. Егер тікелей өзіме адам секілді келіп жолықса, жұмсаған қаржымызға қарамастан ол әнді орындамай-ақ қоюымыз мүмкін еді. Мен әрдайым менталитетіміз бен тәрбиемізге сай әріптестеріммен кез келген мәселенің ортақ шешімін табуға әзірмін. Қалай десек те, біз бір үлкен отбасымыз. Өз басым әріптестеріммен жарыспаймын да. Ол дәл осындай қадамдарға барып жатқандықтан, біз де лайық жауап қайтарамыз”, – деп Шоқан Маратұлы барлығын алдағы уақытта сот шешетінін айтып өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Диана Шарапованың өз концерті билеттерін өзі сатып жүргенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау