Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова өз концертінің билеттерін өзі сатып жүр

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында гастрольдік сапармен жүрген әнші Диана Шарапова концерттеріне билетті өзі сатып жүр. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

sharapova

Сурет detki.kz

Диана Шарапованың командасындағы жанашырлары әншінің жеке ән кешінің билеттерін өзі сатып, осындай креативті ұсыныс айтқан. Алаңдарға шығып өз билетін өзі сатқан Диананы кейбір тыңдармандар танымаған көрінеді. Алайда, әншінің әндерін жақсы білетіндер оның өз қолынан билет сатып алғандарына қуанды. Әнші де өз кезегінде билеттердi сату оған көтеріңкі көңiл күй сыйлағанын және үлкен тәжiрибе болғандығын жеткізді.

«Қазір көп әншілер жеке концерттерін өткізбейді. Еліміздің басқа қалаларына тіпті бармайды. Кинотеатрға билет 1200, ал жанды дауыстағы концертке билет 1000 тг тұрса да, залды көрерменге толтыру қиын», – деп әнші өз ренішін білдірді.

Диана Шарапова Атырау, Шымкент, Кентау сияқты қалаларда жеке ән кешін өткізіп үлгерді. Енді жақын күндері Қызылорда мен Байқоңырда концертін беруді жоспарлап отыр.

Талқылау