Әли Оқапов: Анама әкемізден басқасын жолатпаймыз деп айтқан емеспін

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 13:33

Әли Оқапов әкесінің өлімінен кейін анасына жаңа отбасын құруға қарсы болмағанын айтты.

image

Фото: instagram.com/rozarymbaeva/?hl=ru

Бұл туралы КТК арнасының “Басты рөлде” бағдарламасында айтылды.

Осыдан 17 жыл бұрын Роза Рымбаева өмірлік жарынан айырылды. Бұл әншінің ғана емес, қалың қазақтың қайғысы болды. Әнші біраз уақыт өзіне келе алмай жүргенін жасырмайды. Қиын-қыстау сәтте оған туған-туысқандары қолдау көрсеткен екен. Балалары да қамқор болып, екінші рет тұрмысқа шыққан жағдайда тек түсіністікпен қарайтындарын айтқан.

“Мен ешқашан сол әкемізден басқа адамды жолатпаймыз, менсінбейміз деп айтқан емеспін. Өйткені, менің анам да адам. Оның үстіне әйел заты. Әрине, кейбір кезде қасыңда өмірлік серігіңнің болғаны дұрыс деп ойлаймын. Түсіністікпен қараймын. Бірақ, менің ойымша, анам әкемнің орнын алмастыра алатын, әкеммен тең келетін адамды кездестіруі мүмкін емес”, – дейді Әли Оқапов.

Роза Рымбаева ешуақытта жалғызбасты ана боламын деген қағиданы ұстанбағанын айтады. Көңілінен шыққан жағдайда, жақынырақ араласуға да дайын екен. Десе де, әнші осы күнге дейінгі ер азаматтарды Тасқын Оқаповпен салыстырған-ды.

“Тасқынның деңгейіне сәйкес келетін азаматты кездестірмедім. Құдай салмасын, Тасқынға табынып, 15 жыл бойы таза жүремін, ендігі өмірімді марқұм жолдасыма арнаймын деген ой болған жоқ. Егер адам мені шын мәнінде қызықтырып жатса, араласып кетуім мүмкін. Бірақ ол адаммен отбасын құрып, кәрілікті бірге қарсы алмаймын. Енді келешегім мен қалған өмірімді екі ұлыма арнаймын”, – дейді Роза Рымбаева.

Әнші отбасынан аяғынан нық тұрғызу үшін көп еңбектенген. Өнер жолында жүріп, талай гәстрөлдік сапарға барған. Осындайда кіші ұлы Мәди Рымбаев оған ренішін білдіретін кездері болады екен.

“Мен ол кезде кішкентай болғандықтан, “Неге кетесің?” деп ренжіген сәттерім болды. “Қалшы” деп неше рет өтіндім. Оның барлығы есімде. Бірақ, өсе келе анамның нан табу үшін алысқа кететінін түсіндім. Енді артық ештеңке айтпайтын болдым”, – дейді Мәди. Жуырда Роза Рымбаева тұңғышының еншісін беріп, бөлек пәтерге шығарған. Бұл ұсынысты Әли емес, әншінің өзі жасаған екен.

“Анам тезірек үйлен деп айтпаса да, немере күтіп жүргенін сеземін. “Болды! Мен ер жеттім. Бөлек тұрамын” деп айтқан емеспін. Бір күні ақылдасып, басқа пәтерге көшетінімізді айтты. Мен басқа жаңа пәтерге бірге көшеді екенбіз деп ойладым. Қазір жалғыз тұрып жатқан соң, үй шаруасының не екенін сезіне бастадым. Мысалы, мен үй шаруасына өте нашармын”, – дейді ол.  Ал Роза ханым ұлын асықтырмаса да, оның тойын дүркіретіп атап өтуге әзір отырғанын айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал пародист Аманғали Сыпабеков үйленді (фото, видео)

Соттасқан қазақстандық жұлдыздар

Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған

Мөлдір Мұқанова өзін Тұрсынбектің ақшасын шашып жүр дегендерге жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар