Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің өрмекші-адамы Esentai Tower-дың басына шықпақ

Небір көкпен таласқан биіктіктерді бағындырған, атақты шыңға өрмелеуші, Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген даңқты Ален Робер жуырда Алматыға келмек.

14dd2ed45961cd4e949a4d03e13eec3c

Сурет terra-z.ru

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Атақты рекордшы жергілікті халықтың көзінше Алматы қаласындағы биіктігі 168 метрді құрайтын Esentai Tower-дың басына өрмелемек.

Ален Робердің жасы 53-те. Оның әлемде табаны тимеген жер аз. Журналистер оған өрмекші-адам деген де лақап ат таңып қойған. Ол өмірінде 70-тен астам биік ғимаратты бағындырған. Ол әйгілі Петронас мұнарасына, Hilton, Framatome қонақүйлерінің шатырына, ірі банктердің және Мәскеу мемлекеттік университетінің де ең биік нүктесіне шыға алған.

Өрмекші-адамның ең жоғарғы жетістігі ретінде 2011 жылы Дубайдағы 828 метрлік «Бурдж-Халифа» ғимаратын да табанының астына басты. Ол осы жетістікке жету үшін алты сағатын жұмсаған.

Әрине, оның дәл осындай әрекеттерге баруын әркім әртүрлі қабылдайтыны да түсінікті. Бірі оның ерлігіне, ержүректігіне таңырқаса, бірі дәл бұлайша басты бәйгеге тігуге болмайды деп пікір білдірген. Алайда ол ғимараттардың басына жергілікті биліктің рұқсатынсыз шығып кеткені үшін, талай мәрте айыппұл төлеп жазаланған.

23 сәуір күні Робер Алматыға келіп, өзінің рекордты жолын жалғастыра түсуге ниетті.

Татьяна Аладьина

Талқылау