Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі мыңдаған адам метрода шалбарсыз, іш киіммен жүрді

Әлемнің көптеген қалаларында «Метрода шалбарсыз жүру» акциясы өтіп, әлденеше мыңдаған адам жер астындағы көлік қатынасына тек іш киімдермен түсті.

метроооо

Жер жүзінің 60 қаласының тұрғындары арасынан жалаңаш флешмобты қолдаушылар табылды. Олардың қатарында маңғаз ағылшындар да, қатаң немістер де, ойға батқыш қытайлар да, Иерусалимнің ырымға сенгіш тұрғындары да бар.

Ереже бойынша, флешмобқа қатысушылар жер астына шалбар мен юбкасыз, тек іш киімдермен ғана түседі. Мұнда олар өздерін барынша табиғи қалыпта ұстаулары керек.

Аталмыш акцияның басы бұдан 14 жыл бұрын АҚШ-та басталған еді. Оны ұйымдастырушылар жалаңаш флешмоб дегенннің бар болғаны ақымақтың әрекеттерді халықаралық дәрежеде тойлау екенін жеткізген болатын.
 

Талқылау