Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ұзын шыны көпір (фото, видео)

Қытайдағы Тяньмэншань паркінде әлемдегі ең ұзын шыныдан жасалған көпірдің құрылысы аяқталуға жақын. Оның ашылуы 2016 жылдың маусым айына жоспарлануда.

Бұл туралы TJournal интернет порталы хабарлайды.

Көпір құрылысы 2012 жылы басталып, 2015 жылы пайдалануға берілуі тиіс болатын. Конструкциялық қиындықтардың әсерінен, ашылу күні кейінге шегерілген еді.

Шыны көпірдің ені 6 метр, ал ұзындығы 430 метр. Оның үстімен бір уақытта 800 ге жуық адам қыдыра алады.

Көпірдің орналасу тұрғысынан биіктігі де рекордтық көрсеткішке ие. Ол жерден 300 метр биіктікке салынған. Мұны тіпті биіктігі 324 метрді құрайтын Эйфел мұнарасымен де салыстыруға болады.

Көпір құрылысы әлі күнге Қытайдағы танымал тақырыптар қатарынан түспей келеді. Осының әсерінен мемлекетке сырттан келетін туристердің де саны артқан.

2015 жылдың қыркүйек айында Хунань провинциясында ұзындығы 274 метрге жететін шыны аспалы көпірі ашылған еді. Әзірге ол құрылыс әлемдегі ең ұзын шыны көпір атағына ие болып тұр.

0231f580355ddf

1ed1fb99548153 5fb83c2453bfdd

e1ee5e213e4184

f481b36140622f

Талқылау