Әлемдегі ең толық әйел екі айда 242 келіге арықтады
Египеттік Иман Ахмад Абдулати ақпан айында 500 келі еді. Ол Үндістанның Мумбай қаласында емделіп, 242 келі салмақ тастады.

Бұл жайлы 11 сәуір күні дәрігері Муффазал Лакдавала мәлімдеді. Дәрігер медицинадағы еңбегі үшін сыйақы да алған.
Иман 20 жылдан бері семіздікпен ауырып келеді. 36 жастағы әйелдің денесінің оң жағы сал болып қалған. Ол тіпті бастапқыда дұрыс сөйлей де алмаған.

Өз елінде дәрігерлер көмектесе алмаған соң оныҮндістанға шақырған еді. Алғашында 100 келіге арықтап, ішінің 75 пайызын ота арқылы кесіп тастады. Енді екі ай ішінде 240 келіге арықтады. Дәрігерлер алдағы бір жарым жылда 100 келідей арықтауы мүмкін деп отыр.
Тағы да оқыңыз:
Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)
Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды