Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әлемдегі ең мінсіз бастық» 100 қызметкерін өз есебінен Мальдив аралына жіберді

Evolve фирмасының басшысы Чатри Ситиотдонг жылдың қорытындысы ретінде қызметкерлерін Мальдив аралдарына демалысқа жіберді. 100 бірдей қызметкерін бес жұлдызды қонақ үйге жатқызып, барлық шығынын өзі көтерді. Ол шамемен 400 мың фунт стерлинг (шамамен 167 миллион 200 мың теңге) ақша жұмсады.

PAY-CEN_EmployeeHoliday_01

Чатри Ситиотдонг компания табысының бір жылда 30%-ға артқанын айтып, қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Компания басшысы алғыс ретінде өз қызметкерлеріне естен кетпестей тосын-сый жасады, деп жазды Mirror.

Чатри Ситиотдонг 100 қызметкердің демалыс ақысын төлеп, 400 мың фун стерлинг ақша жұмсады. Жалпы бұған дейін де Evolve басшысы өз қызметкерлеріне әртүрлі көлемде сый жасап келген.

Оның айтуынша бұл үрдіс «Evolve мәдениеті» үшін қалыпты нәрсе. Себебі олар соңғы бес жылдың ішінде  Индонезияның Бали, Краби, Каолак пен Бинтан деген жерлерінде демалып қайтқан.

«Evolve ММА-ның мінсіз қызметкерлеріне алғыс ретінде осындай сыйақы тағайындадым. Жыл сайын мен өз командамды алып, олар күтпеген жерге алып барамын. Қонақ үй, демалыстың толық ақысын өзім көтеремін», – дейді Чатри.

PAY-CEN_EmployeeHoliday_02

Өз сөзінде ол компания қызметкерлерінің басым бөлігінің әлемді аралап саяхаттағысы келетінін, алайда оған әркімнің мүмкіншілігі болмайтынын айтып өтті.

“Evolve-тағы командамның басым бөлігі қарапайым отбасыдан шыққан адамдар. Араларында жоқшылықтың дәмін татып, бақытсыздың күйін кешкендер де жоқ емес. Олар үшін Evolve кедейліктен құтылып, армандарын іске асыруға мүмкіндік береді», – деп жалғады сөзін компания басшысы.

PAY-CEN_EmployeeHoliday_13

 

3B23546500000578-4009584-image-a-24_1481119235919

3B23544C00000578-4009584-image-a-20_1481119168118

3B23545400000578-4009584-image-a-19_1481119160969

3B23544500000578-4009584-image-a-18_1481119155275

3B23545D00000578-4009584-image-a-17_1481119145838

Оның айтуынша, аталмыш компанияда ең үздік мамандар жұмыс істейді. Мұнда жұмысқа тұру үшін 1 орынға 200 адам таласады.

«Сол себепті де олардың сыйақысы да лайықты болуы керек. Ол үшін барымызды саламыз», – деп түсіндірді Чатри.

Танымал кәсіпкер бұл әрдісті алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Оқушы қыз желіге порносуреттерін жариялап “жұлдызға” айналды

АҚШ-та 80 жастағы әжей стюардесса болып қызмет етеді (фото)

15 жастағы мексикалық қыз туған күніне бір миллион қонақ шақырды

Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады

Талқылау