Әлемдегі ең кішкентай ергежейлі жұптың өмірі (фото)

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 13:59

30 жастағы бразилиялық Паоло Габриэл да Сильва мен 26 жастағы Катиучии Хошино ергежейлі жұптар. Олардың бойы 1 метрден де аспайды. Олар он жыл бұрын әлеуметтік желі арқылы танысқан екен.  Содан бері жұптары жазылған емес.

5131

Паоло Катиді желіде көргеннен бастап оған ғашық болып қалған екен. Олар біраз уақыт бойы ғаламтормен сойлескен.

7121

«Ол маған бірден ұнады. Мен оған бір көргеннен ғашық болдым. Алайда, ол мені ұнатпайтындай болып көрінді. Біз дос ретінде ұзақ араластық. Тек бір жарым жылдан кейін ғана кездесе бастадық», – дейді Паоло.

8112

Катидің Паоломен көңіл қосамын деген ойы болмаған екен. Бірақ, уақыт өте оны ұната бастаған секілді.

9114

«Бір-ақ сәтте есімнен адасқандай болып, оған ғашық болып қалдым. Бірақ бұл бірден басталған жоқ», – дейді Кати.

10130

«Бәрінен бұрын маған оның сұлулығынан бөлек мінезі мен жандүниесі ұнады. Ол мейірімді жан. Мен оның бар болмысына ғашық болдым. Біздің ең алғашқы кездесуімізде ол сары футболка мен джинсы шалбар киіп, көзілдірік тағып келген», – деп еске алады Паоло.

6122

Кати Паолаға дейін ешкіммен кездеспегенін, сондықтан онымен көңіл қосу  қиынға соққанын айтады.

Жаратылысы ерек болғандықтан оларға өмір сүру қиынға соғады. Сондықтан олар бір-біріне үнемі көмектесіп, қолдап отырады.

«Біздің қатынасымызда ең бастысы – сенім. Біз бір-бірімізге сенеміз, барлығын бірге жасаймыз. Ол менің, ал мен оның қолдаушысымын. Ол жанымда барда ешнәрседен қорықпаймын. Біз екі түрлі адамдармыз. Бірақ, мақсатымыз бір. Біздің осындай жаратылысымызбен бәрін жасау оңайға соқпайды. Мәселен, кассаға барып ақша төлеу, қоғамдық орындарда жүру, банкоматтан ақша алу, ыдыстар мен киім жуу т.б. Біз бірдей жаратылған соң кішкентай бойымызбен өмір сүрудің қиын екенін түсінеміз. Сондықтан әр нәрседе бір бірімізге қол ұшын беріп тұрамыз», – дейді Катиучия.

Бақытты жұп алдағы уақытта балалы болуды армандайды.

«Біз балалы болсақ екен дейміз. Алайда, мен бала көтеруім үшін тәуекелге баруым керкек. Болашақта үйленеміз деп жоспарладық. Өзіміздің баспанамыз, балаларымыз, үй жануарларымыз болса деп армандаймыз», – дейді Кати.

Жіберіп алмаңыз:

Британдық баронесса 22 жастағы вьетнамдық жігітті бүлдіршін екен деп ұятқа қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар