Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бай адамдардың табысқа жету құпиясы” желі қолданушыларының ашуын келтірді

Twitter қолданушылары ең бай адамдардың табысқа жету жолының құпиясын анықтайтын зерттеулердің қорытындысына күмәнмен қарайды.

Пікірталас Inc журналында жарияланды.

“Табысты жандардың көбісі таңғы 4-те жұмысын бастайды. Егер сіз де осылай жасай алсаңыз, кеңседегі жұмысыңызды таңғы уақытта бастаңыз”, – дейді Швантес.

Айтуынша, Apple басшысы Тим Кук, Ellevest басшысы Салли Кравчек, Kohl’s универмаг желісінің бас менеджері Мишель Гасс, Virgin America авиакомпаниясының басшысы Дэвид Куш осылай жұмыс күнін бастайды.

Зерттеуде бай адамдардың таңғы сағат 4-тен бастап жұмыс істейтіні айтылған Ал, микроблогерлер ерте тұратын адамдардан өзгелердің де табысқа жете алатынын айтады.

“Тим Куктан һзге еш адам бай деп саналмай ма?”, – деп жазды журналист Натаниэль Сильвер.

“Менің жұмысым тағы 5-те басталатындықтан мен сағат 4-те тұрам. Сол табысты әлі күтіп жүрмін”, – деп жазды қолданушы.

Пікірталасқа аналар да қосылды. Олар сәбилерін қарау үшін таңғы уақытта тұратынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау