Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Alem Band” тобы Байзақованың арқасында танылғандарын мойындамай қойды

Бірер күн бұрын атышулы Айжан Байзақованың қатысуымен түсірілген кезекті бейнебаянын жарыққа шығарған "Alem Band" тобы халық тарапынан айтылып жатқан сын-пікірлермен келіспейді. Олар Байзақованың арқасында танылғандарын жоққа шығарып отыр.

"Alem Band" тобы Байзақованың арқасында танылғандарын мойындамай қойды Бұл туралы "Гәкку" арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. "Бұл бейнебаян "Қалауымның" жалғасы десе де болады. Жалпы кез келген адам бастаған ісін соңына дейін аяқтауы керек. Мылтықты алып шықсаң, оны міндетті түрде ату керек деп айтады. Бірінші бейнебаянда мылтықты көрсеттік, екіншісінде атамыз", - дейді Alem Band тобы. Бір қызығы, топ жігіттері екі бірдей бейнебаянда басты рөлді сомдаған Айжан Байзақоваға қанша қаламақы төленгенін білмейтін болып шықты. Сондай-ақ, топ жігіттері бейнебаян арқылы кейінгі жастарға "оңды тәрбие" бергендеріне сенімді. "Негізі қыздың түрі мен дене бітіміне ғана емес, қылықтылығына, тәрбиелігіне, сүйкімділігіне қарау керек деген мағына бұл клипте", - деген Alеm Band тобының жігіттері алғашқы "Қалауым" бейнебаянынан кейін біраз тыңдарман жинағандарын айтып қуанды. Алайда олар бұл жетістікке Байзақованың арқасында жеттік деп санамайды. "Біздің ойымызша, өнерімізге берілген баға. Өйткені Байзақованың арқасында болатын болса, сол бейнебаяннан кейін бізді бір тыңдап, қоя қояр еді", - дейді Alem Band тобы. Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау