“Алдараспан” театры Қостанайлықтарды екінші рет алдап кетті

Жұма, 8 Шілде , 2016 8:41

Қостанай қаласының тұрғыны Арайлым Торғайқызы “Алдараспан” театрының концертке билет сатып, артынша аталған концерттің белгісіз себептерге байланысты болмай қалғанын айтты. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, театр тарапынан жұртқа ешкім түсініктеме бермеген.

13551742_278699502484893_1241901235_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Атышулы “Алдараспан” театрының Қостанайда бүгінге жоспарланған концерті болмай қалды. Театр тарапынан ешкім де ештеңе де түсіндірген жоқ. Әсіресе “Туканы” көреміз деп келген аға-апаларымыз қатты ренжіп отыр. Мен де осы концертке ауылдан ата-анамды шақырып, гүлімді құшақтап келіп едім.

Көңілім су сепкендей басылды да қалды. Жиналған көрерменнің айтуынша, “Алдараспан” театры Қостанай халқын осымен екінші рет концерттен құр қалдырып отыр екен. Өткен жылы да билеттер сатылып концерттің болмай қалғанын айтып апаларымыз налып отыр. Кейбіреулері “Мүмкін әртістер келіп қалар” деп билеттерін тапсырмай әлі де күтіп отыр”, – дейді ол.

13562005_257431901300562_1069734152_n

Дәл қазір театр концертінің не себепті болмай қалғаны белгісіз. Тіпті, бұл мәселемен ешкім айналысып жатпаған көрінеді. Ал билетте жазылған 8 775 326 85 85 нөмірі сөндірулі. Мұнымен қатар, өзге қаланың тұрғындары да дәл осындай оқиғаның 2-3 жыл бұрын болғанын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

“Алдараспан” әзіл-сықақ театрының танымал актрисасы дүниеден озды

Әріптестерімен ренжіскен Жұлдызай Дүйсенбиева қайда жүр

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар

Нұржан Төлендиев алтыншы рет әке атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Толганай says:

    Шынын айтканда бауырлар казир коп адамдар артистердин атынан акша истеп жур бирак Нуржанды осындай нарсеге барады деп ойламаймын. Егер солай истесе мен сиздерге косыламын.

  • Нуртас says:

    Ақымақтар, мәжүніндер кімнін арқасында тойып семіріп жүргендерін білмейді ғой бишаралар

  • Қалжан says:

    Мүмкін Алдараспанның өздері білмейтін болар?

  • Амантай says:

    Əбден ”семірген” ғой. Концерттеріне көрермн халық бойкот жарияласа көрер едім, қалай кешірім сұрағандарын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар