Алдағы уақытта банктер қарызды күштеп қайтарып алуы мүмкін

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 22:08

Банкке берешегі бар адамнан қарызды күштеп қайтару әдісі болашақта заңмен рұқсат етілуі мүмкін. Оған қарсы шыққан адвокаттар «Коллекторлық қызмет» туралы заң жобасы қабылданса, борышкерді қорқыту, мүлкін өртеп, дүниесін қирату сияқты тәртіпсіздіктер белең алуы мүмкін деп қауіптенеді.

Что-делать-если-банк-продал-коллекторам-долг

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал құжатты талқылауға кіріскен төменгі палата депутаттары коллекторлар көмегімен несиені ғана емес, азаматтардың бір-біріне берген қарызын қайтаруды да заңдастыру керек деп санайды. Қарыз алып оны қайтармау мәселесі еліміз үшін қаншалықты өзекті?

Расымен де, несие қамытын сүйрегендер саны елімізде көп болғанымен, оны қайтаруға асығатындар аз. Бүгінгі күннің өзінде 1 миллионнан астам адам банк алдындағы берешегін өтей алмай жүр. 1-ші қарашадағы мәліметке сай қайтарымсыз кредиттер көлемі 687 миллиард теңгеге жеткен.

Қарызға өмір сүру қалыпты жағдайға айналып барады. “Бірінші кредиттік бюро” сараптамалық орталығының мәліметінше, жыл басынан бері тұрғындарымыз 1 триллион 22 миллиард теңге несие алған. Бір өкініштісі, қаржы институтына жүгінген қазақстандықтардың дені пайыздық үстемесі ең жоғары “кепілзатсыз кредит” түрін таңдаған. 100 мыңнан астам адам несие карталарына тапсырыс берсе, 26 мыңы ипотека алу үшін қарызға батқан. Тағы 20 мың тұтынушы автонесие рәсімдесе, 15 мыңы кепілге қойылатын мүлік арқылы берілетін несиеге сұраныс танытқан.

“Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа берілген кредиттер саны артып отыр. Орта есеппен алғанда еліміздің әрбір тұрғынына 1,5 несиеден келеді. Бұл 614 мың теңге. Жалпы қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 4,5 триллион теңгеге жеткен”, – дейді Бірінші кредиттік бюро кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі директор Әсем Нұрғалиев.

Осылайша бүгін 5 миллионнан астам адамның банк алдында берешегі бар. Олардың 72 пайызы тәртіпті клиенттер қатарына жатса, 20 пайызы шамасын ескермей несие алып, оны жылдап төлей алмай тығырыққа тірелгендер. Бұл адамдардың қарызы қайтарымсыз кредиттер қатарында. Ал қалған 8 пайызы төлемін кешіктіріп отырғандар. Олардың қай топқа қосылары әзірге белгісіз.

Үмітсіз несиелер көлемін жыл басынан бері 150 миллиард теңгеге қысқарту мүмкін болды. Соған қарамастан, 687 миллиард теңге әлі күнге дейін банк борышкерлерінің мойнында тұр. Сарапшылардың мәліметінше, 90 күннен артық төленбеген кредиттердің көлемі бойынша “ВТБ Банк” бірінші орында (16,1%). Ең жақсы көрсеткіштер “Дельта” (0,28%) мен “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде” (0,46%). Ипотека таратып отырған соңғысының көрсеткіштері таңғаларлық -дейді мамандар.

“Тұрғын үй жинақтарына ақша аударып жүрген салымшылар кезең-кезеңімен тексеруден өтеді. “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” скоринг жүйесі жақсы дамыған. Сондай-ақ аталмыш банктің клиенттері алдымен белгілі бір мөлшерде қаражат жинайды, бұл тәуекел көрсеткішін төмендетіп, тұтынушыларды тәртіпке тәрбиелейді”, – дейді Ranking.kz сараптамалық қызметінің жетекшісі Асқар Майлыбаев.

Тұтынушының кредитті қаншалықты ұқыпты төлейтінін оның несие тарихынан бөлек, жұлдыз жорамалына да қарап анықтауға болады екен. Сарапшылардың пайымынша, қарызға белшесінен батып жүретін жұлдыз белгісі – тауешкі. Екінші орында – шаяндар болса, үштікті сарышаяндар мен бикештер тұйықтап тұр. Берешегін бермей күйдіретіндер қатарында суқұйғыштар мен балықтар да бар. Тоқты, егіздер мен торпақ сияқты жұлдыз белгілерінде жүрген адамдар қарыз мәселесіне өзгелерден жауаптырақ қарайтын болып шықты. Ал қарызын уақытында өтеуді парыз санайтындар – таразылар, мергендер мен арыстандар екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқардым деген сарбаз сот алдында жауап беріп жатыр

Шымкентте зейнетақысын ала алмаған Назарбаев ақсақал қайыр сұрап күнелтіп жүр

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген

Мұхамедиұлы: Мен не үшін отставкаға кетуім керек, шындық үшін күрескенім үшін бе?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
17 күні 15 сағат кері

Несиенин %ти оте жогары, томендетип кайта есептесе халык кайтаруга тырысар еди, алган несиени 10 есе етип кайтартады сондыктан кайта есептуден откизсе халыкка дурыс болар еди, арине халыктын жагдайын ойлайтын банк болса

Анонимно
18 күні 16 сағат кері

Укмет мыкты боса сонда отип халыкты кинау керек па деген ои келет.Халык мыкты боса бир ауыздан толеми коиу керек па деген ои келет. Бұзаулар оны оиластырып жаткандар

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар