Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы мереке күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жариялады.

2634437

Фото: Анатолий Устиненко

Алматыда мерекелік күндері қырық градустан астам аптап ыстық болады. Алматы облысында 6-9 шілде күні кей жерлерде ауа температурасы 40-43 градусқа жоғарылайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанға жылжыған Антициклон, республиканың көптеген облыстарында ыстық және құрғақ ауа-райына түрткі болды. Тек солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарын қоспағанда, кей жерлерде жаңбыр өтіп ауа температурасы климаттық нормадан төмен болды.

Алдағы үш тәулікте, атмосфералық фронттардың әсерінен, республикамыздың жекеленген аймақтарда батыс, солтүстік және шығыстарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады, найзағай кезінде екпінді жел және ауа температурасы қалыпты нормаға жуық болады деп болжануда. Қазақстанның қалған аймақтарында ыстық ауа-райы әліде сақталады, термометр көрсеткіштері кей жерлерде 38-43 градусқа дейін жоғарылайды,  әдеттегіден 4-8ºС жоғары болады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыз:

Салт-дәстүрге сай қалыңдықты үйге терезесінен кіргізген қазақтар жұртты таңғалдырды (видео)

Жаңа заң бойынша көлігін полицей тоқтатқан жүргізушілердің не істеуге құқығы бар?

Үш ай сайын некесін қидырған ақтөбелік келіншек жат ағымға қалай түскенін айтып берді (видео)

Талқылау